Салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсынуға байланысты кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 651 бұйрығы
(2026.17.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2026.30.09. № 664 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағына, 113-бабы 2-тармағына, 133-бабы 1, 6 және 7-тармақтарына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеуді кейінге қалдыру (бөліп төлеу) туралы өтініштің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну немесе одан бас тарту туралы шешімнің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну қағидалары мен шарттары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеуді қамтамасыз ету үшін мүлікті кепілге қоюдың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;